Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Газбен пісірудің мәні мен қолданылуы. Сөздердің тұлғалық ерекшеліктері
    Содержание дисциплины

    Газ оттегілі қосу. Табу сөздер мен эвфемизм

    Учебная тема
    Қорғаушы газдармен пісіру. Антонимдер. Синонимдер. Омонимдер

    Сыланған электродпен қолмен және автоматты флюс қабатының астында пісірумен салыстырғанда газ қорғауымен пісірудің мынадай артықшылықары бар: балқыған металды ауа әсерінен қорғаудың жоғары дәрежелілігі; аргонды қолданғанда тігіс бетінде тотықтар мен шлак қосындыларының болмауы; бұл үрдістің кеңістіктің барлық жағдайында жасалу мүмкіншілігі; пісіру жігінің түзілу процесін көріп, реттеп тұру мүмкіншілігі; өндіріс өнімділігінің жоғарылығы; көмірқышқыл газы қорғауымен пісірудің арзанға түсетіндігінде.

     Газ қорғауымен пісірудің қолдану салалары әр алуан /ұшу аппараттарының тораптары, атом құрылғыларының элементтері, химиялық аппараттардың корпустары т. б./.

     Аргондоғалы пісіруді түсті металдарды /алюминий, магний, мыс/ және баяу балқитын /титан, ниобий, ванадий, цирконий/ металдар мен олардың қорытпаларын пісіруде қолданады.

     

    Антоним (гр. antі — қарсы, onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ - сор, жақсылық - жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру - шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз- қорқақ, қол - батыр», «Өтірік - қаңбақ, шын -салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты - аты өшті, жүрек жұтқан - су жүрек, соры қайнады - көзі ашылды.

    Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

    Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.

         Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

    мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

    стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

    сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

         Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

    мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

    бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

    мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалызаңғар биік тау, құр бекер жүру;

    Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. МысалыБармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

    • Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; МысалыАстана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

    • Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалыөлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

    ·         Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.

     

    Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа – басқа

     сөздердің тобын     білдіреді.Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі

    дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.

          Мысалы: Қара: 1) қара шаш –заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз;

    2) тақтаға қара –    қимыл-әрекетті білдіретін етістік.

               Айт: 1) айт болды – діни мейрам; 2) ән айт –қимыл мағынасындағы сөйлеу,

    деу; 3) айт –итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.

    Тіліміздегі көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Түбір

    сөзге жұрнақтар   қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды

    омонимдер делінеді. Мысалы: Арық 1)   

              зат –  су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан

    суарады екен;   2) сын - семіз емес еті қашқан, жүдеу. Арық, құп-қу балалардың беттерінде аштық

    табы бар.

    Сөз көрнекілігімен жұмыс.

    Ара гүлге қонды.

    Оспан ағаш кесу үшін ағасынан ара сұрады.

    Түнде ай жарық болды.

    Қазір қазан айы.

    Тырна – жылы жаққа ұшып кететін құс.

    Ит қыңсылап жер тырнады.

     

    1-Тапсырма   Қай сөз омоним бола алмайды:

       От       бас        құс         қаз                қас

    2- тапсырмаСөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

          Қапшағай  электр  гидростанциясы, электр тогы, электр энергиясы, пайдаланушы,  жұмысшы, тұтынушы, өнеркәсіп.

     

    3-Тапсырма Мәтінен антоним, синоним, сан есім  болатын сөздерді табыңыз. Газбен пісірудің мәні мен қолданылуы

     Газбен пісіру үшін пісірілетін металл жиектерін және қосымша металды балқу температурасына дейін қыздыруға қажетті жылуды арнайы пісіру шілтерлерінде жанғыш газдарды оттегімен қосып жағу арқылы алады. Жанатын газ ретінде ацетилен, бутан, пропан, бензол, сутек, бензин және керосин буы пайдаланылады. Жанғыш газ ретінде кеңірек қолданылатыны ацетилен С2 Н2. Ол ауада жанғанда болаттарды және басқа металдар мен олардың қорытпаларын пісіруге жеткілікті жылу шығара алады.

     Ацетилен газының оттегімен қосылып жанғандағы жалынының температурасы 3373-3423 ºК /3100-3120ºC/-қа жетеді. Болатқа қарағанда балқу температурасы төменірек қорғасын, алюминий т.б. металдарды пісіруде сутегі, табиғи газ және т.б. газдар қолданыла алады.

     Газбен пісіруді көбінесе қалыңдығы 3-5 мм-ден аспайтын аз көміртекті және аз легірленген табақ болаттар мен құбырларды пісіру, шойын мен қола құймаларының ақауларын жөндеу және түсті металдар мен олардың қорытпаларын пісіру үшін қолданады.

                Оған қажетті оттегі атмосферадан өндіріс жағдайында өндіріледі. Оттегі болат баллондарда пісіру жұмыс орнына жеткізіледі. Баллон тұтас табақ темірден жасалған цилиндр тәрізді ыдыс. Сыйымдылығы 40 л баллондар кеңірек таралған, оларға І5 МПа қысыммен 6000 л оттегі сияды. Техникалық оттегін өндіру ауаны-194,5 С температурада қалыпты қысыммен сұйылтып, оның булану температураларының әрқилы /азот-196 ºС /, сұйық оттегі /-183ºС/ екендігін ескеріп ажырату принципіне негізделген. Осылай алынған сұйық оттегі аппараттың жылу алмастырғышында газ күйіне айналып газгольдерде жиналады. Онан кейін 15 МПа қысыммен компрессор арқылы оттегі баллондарға үріледі. Баллоннан газ шығардағы оның қысымын төмендетіп, тұрақты жұмыс қысымымен қамтамасыз ету үшін газ радукторлары қолданылады. Оттегі редукторлары қысымды 15-тен 0,1 МПа-ға дейін төмендетеді. Пісіру техникасында пайдаланатын редукторлардың екі манометрі болады, бір газдың редукторға өткендігі қысымын көрсетеді, екіншісі онан шыққандағы қысымын көрсетеді.

     

    Бақылау сұрақтары:

    1. Омоним дегненіміз не?

    2. Синоним дегеніміз не?

    3. Антоним дегеніміз не?

    Содержание дисциплины

    Газбен пісірудің мәні мен қолданылуы. Сөздердің тұлғалық ерекшеліктері

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Газ оттегілі қосу. Табу сөздер мен эвфемизм