Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Сөйлем және оның құрамы. Жай сөйлем сөйлем туралы түсінік
    Содержание дисциплины

    Диалектология туралы жалпы түсінік

    Учебная тема
    Қауіпсіздік техникасы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас сөйлемдер. Сабақтас сөйлемдер. Аралас сөйлемдер

    Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

    Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем.

    Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылауларарқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов)), себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).

     

    Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

     

    Аралас құрмалас сөйлем — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. 

    Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді.

     

     Бақылау сұрақтары:

    1. Сөйлем деген не?

    2. Құрмалас сөйлем деген не?

    3. Құрмалас сөйлемнің түрлері?

    4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?

    5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері?

    6.Аралас құрмалас сөйлемнің жасалуы?

    Содержание дисциплины

    Сөйлем және оның құрамы. Жай сөйлем сөйлем туралы түсінік

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Диалектология туралы жалпы түсінік