Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Талант – дән тәрізді. Лексикология оның түрлері мен салалары. Лексика туралы жалпы түсінік
    Содержание дисциплины

    Газбен пісірудің мәні мен қолданылуы. Сөздердің тұлғалық ерекшеліктері

    Учебная тема
    Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы

    Сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты болады. Қазіргі қазақ тілінің Негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Y- ғасырдағы  Орхон-Енисей ескерткіштерінде сіз, ұғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, ат, күн, т.б.; 11 ғасырдағы Ж.Баласағұн мен М.Қашқари еңбектерінде ат, қой, күн, кел, өкін, т.б. сөздер кездеседі. ә) Сөз тудыруға ұйытқы болады; сөздік құрамның дамуына байланысты Негізгі сөздік қор да өзгеріске ұшырайды. Негізгі сөздік қордағы бір буынды түбірлерден көптеген туынды сөздер жасалады. Туынды сөздер жаңа сөз тудыра алғанымен, Негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. б) Жалпыхалықтық сипаты; Негізгі сөздік қорға енетін сөздер бүкіл халыққа түсінікті және үнемі қолданыста болып, баршаға ортақ қызмет атқарады.

            Негізгі сөздік қор — сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағынапы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, тун, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, уш, төрт, көк, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы:

    ·                туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;

    ·                мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;

    ·                хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;

    ·                ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;

    ·                киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;

    ·                жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз;

    ·         сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. б.

    Ежелден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы, дастарқан, астар, жеке, жәрдем, жанжал, жануар, сыпайы, қорек, қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп, ғылым, рет, самауыр, бөтелке, бәтіңке т. б.

    Негізгі сөздік қордың басты белгілері

    Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамынан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.

    ·         1. Негізгі сөздік қорға тән басты белгі — тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Ү ғасырдан қалған Талас ескерткіштеріндеат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, уш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның дамуы барысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің негізгі сөздік қор — тарихи дамып отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда келтірілген мысалдарды қараңыз).

    ·         2. Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ, күншығыс, күнбатыс, күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жер- төле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, жер үй, жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарғыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндікжи сөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, жинақтылық, жинақысияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.

    ·         3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі — оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.

    ·         4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.

    1-тапсырма. Мәтінді қысқаша мазмұндап беріңіз

    Оқытушыны тыңдаңыз, қайталаңыз. Сөздердің

    мағынасын біліңіз.

    Ай-әй , ақ-әк ,ұш-үш ,құн-күн, ау-әу бақ-тақ құс-күш ұн-үн

    Ар-әр,бос-бөс,улы-ұлы ,. соз-сөз, ал-әл тос-төс сулы-сұлы боз-бөз

    аз-әз ,ен-ең ,ыс-іс,кен-кең, һ-уһ, сен-сең, қыс-тіс, мен-мең.

     

    2- Тапсырма Сөздерге жалғанатын қосымшаларды теріп жазыңыз.

    1. Трансформатор + (-ға, -ге, -де, - лар, -ді, -ма, -ме, -тер, -бе, -нен, -тің, -ның)

    2. Қозғалтқыш + (-ға, -ге, -де, - лар, -ді, -ма, -ме, -тер, -бе, -нен, -тің, -ның)

    3. Кітап + (-тар, -ді, -ма, -пен, -ме, -тер,-да, -ге, -де, -дың, -ты)

    4. Электрлендіру + (-дар, - лар, -ді, -ма, -дан, -ға, -ме, -тер,-да, -ге, -дың)

    5. Азамат + (-тар, -ді, -ма, -дан, -ме, -тер,-да, -ге, -де, -дың, -ты)

     

    3-Тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз.

    Будем знакомы, рад знакомству, передайте привет, познакомьтесь, главный

    специалист, грамотный специалист, квалифицированый специалист,опытный начальник, ладно, отлично, не плохо, до встречи, я тоже, всехорошо, прекрасно, привет, до свидания, жаль, простите, пожалуйста,прощайте, спокойной ночи, доброе утро.

    Содержание дисциплины

    Талант – дән тәрізді. Лексикология оның түрлері мен салалары. Лексика туралы жалпы түсінік

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Газбен пісірудің мәні мен қолданылуы. Сөздердің тұлғалық ерекшеліктері