Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Тілдің қоғамдық қызметі
    Содержание дисциплины

    Метафора, метонимия, синекдоха

    Учебная тема
    Фразеологиялық тіркес. Фразеологиялық бірлік

                Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.

                Фразеологиялық бірлік — Фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық). Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған танадай (жым-жырт тыныштық). Қазақ тілі фразеологиясы фразеологизмдердің бұл екі тобын бір-біріне өте жақын тұратын сез тіркестері деп қарастырады. Орыс тіл білімінде идиомалар немесе анапит. мәндегі Фразеологиялық бірліктер деп атайды. Фразеологиялық тізбек— еркін мағынадағы сөздер тіркесінің Фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, езгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы,жандысөз, тас бауыр, жуан жұдырық, шикі өкпе. Бұлар сырт құрылымы жағынан күрделі сөздерге ұқсас. Күрделі сөздер үнемі номинативті атау мағынасында жұмсалса, Мысалы, су тиірмен, тас жол, төс қалта т. б. Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипат бар. Олардың Фразеологиялық мағынапары метафора, теңеу, сапыстыру сияқты керкемдік тәсілдер арқылыауыспалы мағынада айтылуына байланысты. Апайда ауыспалы мағынада айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей Фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ — ойға олақ (Абай). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағапи) — метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия — керкемдік тәсілдер әдеби шығармапарда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде қалыптасқан фразеологизмдер, идиомапар және образды сөздер — жасапуы жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер.

     

    ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТҮРЛЕР

                Фразеологизмдерге үш түрлі ортақ белгі болғанымен бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінсн көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі, Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады. Зерттеушілср бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардыц ара қатысына қарай жіктеп бөлсе екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілер атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тілі білімінде академик В. В Виноградовтын, классифнкациясын негізге алып бөледі. Бұл классификацияны Отандық тіл ғылымына басшылыққа алғалы 30—40 жылда уақыт өтті. Қазақ тіл біліміндс де осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа жіктеледі.

                Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасьш кеткен олар-дың мағыналық жігін ешқандай ажыратуга болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бүрылуга мүршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындагы үш сөздін тұтас жиын-тығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуга көнбейді. Түйені түгімен жүтты дегеннен біреуден ойсырата пара алып, елді қана ды дсген мағына туады. Бұл магынаның жасалуынатүйе, түк жұгу сөздерінің тікелсй қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ, жанығандайдегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді тусінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ жану сөздерінің тікелей қатысы болмаган. Иегінен тағалы ат тайып жығылгандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұндя да мағына тұтастықтың бірлігін, айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйеніқ қомында дегашен қарбалас шақ, абыр-сабыр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арасында тікелей байланыстын болмағандығы байқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан дегеннен екі жүзді, залым дегснді ұғынамыз Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тірксстердің құрамындағы бір, ұрт, май, қан дегсн сөздердің меншікті магынасымен мүлдем сәйкеспейді. фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұгас жиынтығгынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен кұбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

    Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастык тәрізді орын тәргібі жагынан өте тиянақты болып келеді. Бұлар ен алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада колдану-дан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузып ашты дегсннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашкы еркін тірксстегі тура мағынасы негіз болган. Сол магынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланнық құйірыгын басты деген фраза біреудің кытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тан болды дегенді білдіреді. Бір қимыл-әрекетті баска әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге айнальш кеткен. Ит байласа түргысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұ-рып болмайды дегснді түсінеміз. Соңгы фразеологиялық мағы-наның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) ма-ғына тірек болғандыгы айқын байқалады. Қөз көрмес, құлак, естімес жер дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына мен алгашқы мағынаның өзара байланыстылыры анық сезіліп тұрады. Ит көйлекті бұрын тоздырған дегеннен біреуден біреудің сәл үлкендігі бар дегенді түсінеміз. Жеке сөздердің қосындысынан пайда бол-ған жай ғана туынды магына емес, бейнеленген туынды магына екендігін көреміз. Фразеологиялык тұтастық пен фразеологиялық бірліктің ара-жігін ажырату кей жағдайда қиынга соғады. Мәселен, ит басына іркіт төгілді (ағыл-тегіл молшылық) дегенде екі жақты түсінік қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшін бүл тіркес фразеологиялық бірлік болса, малдан сырт жүрген, әсіресе кейінгі жастар мұны фразеологиялык түтастық деп тануы сөзсіз. Тұрақты тіркестің алгашқы заттык мағынасы нерұрлым көмескіленіп, тасалана, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның магына түтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі мағынасы бар: 1) иттің мойнына таратын бау, 2) қалың малдың алдына ала берілетін жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін төлем ақы.

    Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда мұның соңғы екі магынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологиялық тұтастықка жататындығын бірден танытады. Сол сияқты мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар: 1) басынды, иыктады; 2) біреудің арқасында күн көрді, масыл болды.

                Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп шыккандығына қарамастан, фразеологиялық тіркестін қай түріне жатқызуға келгенде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұндагы негізгі басты себеп — тұрақты тіркесгің мағыналарынык» тым көнеленіп, ескіре, күнгірттене бастауымен тығыз байланысты. Демек, тұрақты тіркестін мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінумен байланысты шешіледі.

    Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданған келіп шықкан. Ягни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лекснкалы: мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуга жақындап, күңгірт тарта бастаган. Мұнда ерікті мағынасындағы сөзбен фразеологиялық калпында, сөздің тіркесуінен жасалып, сол қалпында, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек,. асқар бсл, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауыр-сақ мұрын, кем иек, ала қол, кара бет, жел аяк, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қош жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке, жез таңдай, бір ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбс, зор кеуде. шер көкірек, аршын төс, қабырга ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т. б.

    Фразеологиялық тізбектің құрамындагы ерікгі (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілегі болса, фразеологнялық туынды мағынадагы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп колданылады. Мәселен. көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің кұрамындағы бет(жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, кара жол, сокпак жол) деген қыруар сөздсрмен тіркесіп қолдана берсе, фразеологиялы; мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімсп, жол қасқа сөзімен ғана тіркеседі,

                Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапкы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып, сезіліп, ұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жегкісіз, көзін тырнап аш қалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдсй көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті, т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шецбері шектеулі болады,

                Фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағыаан 2 топқа бөлі-неді: 1) Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық ауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жөн, қалкат құлақ, мұрты шағылмаған, жауырын құрлы көрмеді, саусақпен, сапарлықтай, кең иықты, ат жақты, иығы босады, алақанның аясындай, бармақ казы, езуі жиылмады, тісін басты, қас қарай-ды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, ку тілді, кеңірдектен, кслді, тұмсығы батпады, ецбегі қатпағаи, төбесі тесік, өр көкірек, аркасы бар, бүйірі шыкты, мұрынның қанындай т. б. 2) Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иыгынан дем алды, ұйықтаса, ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, кара ит шықты, ішкен асы бойына тарамады, көзіне көк шыбын үймелетті, көрер таңды көзімен атырды, ашса алақанында, жұмса жұмырығында, ішкен асын жерге қойды, аяқ-колын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, бұтын бұт, қолын кол кылды, қасынан бір елі тастамады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендсй басылды, қашпаған кара қашардың уызына қарайтын, кой үстіне боз торғай жұмыртқалады, т. б.

    1-                 Тапсырма Көп нүктенің орнын тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.

         Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншілік..., халыққа деген құрмет..., осы екеуі  үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.   Жастары... отаншыл болсын. Отаншыл... - әр адамға керекті ең ұлы қасиет.

    Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақта..., бірге  туған         бауырлары... тату болса, өзінің туған ауыл, қала..., туған ұлтын сыйлап, қадірле..., сол адам отаншыл болады.

     

    2-                 Тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз.

    Если ты ее увидешь, пусть позвонит мне. Если вы пойдете в кино, скажите

    им. Если они сходят на работу, то сами все увидят. Если вы будете смеяться,я ничего не буду говорить. Если он не выполнит задание, его не примут.Если пойдет снег, я останусь здесь.

     

    Бақылау сұрағы:

    1. Фразеологиялық оралым дегеніміз не?

    2. Фразеологиялық тұтастық пен тіркестің айырмашылығы?

    3. Фразеологиялық тіркеске мысал келтіріңіз.

    Содержание дисциплины

    Тілдің қоғамдық қызметі

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Метафора, метонимия, синекдоха