Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Газ жабдықтарын тарту жолдары. Терминдер мен терминология
    Содержание дисциплины

    Болаттан жасалған тілімшелерді газбен пісіру. Лексикография және сөздіктер түрлері

    Учебная тема
    Түсті металдар менг балқымаларды газбен пісіру. Кірме сөздер

                Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер»«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.

    Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:

    1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.

    2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.

    1-Тапсырма Мәтінен кірме сөздерді табыңыз.

    Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.

    Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.

    Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:

    табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;

    көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;

    химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;

    жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "тау жынысы газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.

     

    2-ТапсырмаМагынасы бойынша кажетті сөзді  койыцыз.

    Вставьте подходящее по смыслу слово.

    1. Олег  газбен   (дәнекерледі/ қосты)

    2. Балалар киімді    ( ілді/жуысты)

    3. Ол сабағынан    (сұранды/отырды)

    4. Алыстан  т а у    (көрінді/ қарады

    5. Ғалым еңбегі туралы ұзақ  (iздeндi/iздeдi)

    6. Аскқар түні бойы     (ойлады/ойланды)

    7. Әжем балаларымен, немерелерімен   (мақтанды/мактады)

     

    Мәтінді аударыңыз

                Ағымдық жөндеу көлеміне газқұбырына жоспарланған капиталдық жөндеуде көзделмеген, қарау, зерттеу кезінде анықталған кемшіліктерді түзету кіреді.

    Ағымдық жөндеу жұмыстары төмендегілерді қамтуы тиіс:

    трассаны белгілеуді жаңарту;

    газқұбырының 500м ге дейін ұзындықтағы изоляциялық қаптамасын жөндеу, соның ішінде газқұбырының топырақтан шыққан жерінің изоляциясында жөндеу, бұл кемінде үш жылда бір рет жүргізілуі қажет, жер – ауа шегарасының екі жағында 1,5м аралықта жүргізіледі;

    газқұбырының кейбір учаскелерінде құбырларды ауыстыру;

    алаңдарды топырақпен тегістеу;

    кран алаңдарының қорғанын жөндеу, тазалау ұрылмасының метанол сақтағыштың, амбарлардың іске қосу және қабылдау алаңының қорғанын жөндеу;

    трасса бойлап өту жолдарын және газқұбырлары арқылы өткелдерді қалпына келтіру, кран алаңдарына және құбырдың авариялық қоры сақталатын алаңға келетін жолдарды қалпына келтіру;

    газқұбырының жобада көрсетілген көмілу тереңдігін қалпына келтіру, жалаңашталып қалған жерлерін және тайыз көміліп қалған жерлерін түзету;

    жуылып кеткен жерлерді шөгіп қалған жерлерді қалпына келтіру және оны болдырмау жұмыстарын атқару;

    газұбыры трассасы бойынша ағаштар мен бұталарды кесу;

    тікұшақ алаңдарын, авариялық техникалар тұрағын, ЛЭС территориясы мен ғимараттарын жөндеу;

    газ бен қорғасын сыздықтауын болдырмау;

    құбырдың ісіп кетуін, бүктеліп қалуын болдырмау, іргетасын жөндеу, бекіту тіректерін және басқа ауадан өтетін конструкциялық элементтерін, газқұбырының жер үстінен өтетін учаскесін, тазалау құрылмасының іске қосу және қабылдау камерасын жөндеу;

    су астынан 1,5м тереңдіктен өтетін өткелдерді және оврагтан өтетін өткелдерді жөндеу;

    метанол, одорант, материалдардың авариялық қоры мен жабдықтар қоймасын жөндеу;

    футляр тарту шамдарын, ауа өткелдерінің қоршауларын қалпына келтіру;

    жабдықтар мен сооружениелердің қорғаныс жүйесін қалпына келтіру;

     

    Магистралдық газұбырындағы газ қысымының артып кетуінен сақтау және сигнализация үшін КС-ларда автоматтық қорғау жүйесіндегі қысым көтерілуінің мәні төмендегі шектерде қойылуы тиіс, сигнализация үшін – 0,05...0,1МПа, қорғау үшін – 0,1...0,15МПа.

     

    Бақылау сұрақтары

     1.Кірме сөздер дегеніміз не?

     2. Арап тілінен енген сөздерді атаңыз?

     3. Лексикография нені зерттейді? 

    Содержание дисциплины

    Газ жабдықтарын тарту жолдары. Терминдер мен терминология

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Болаттан жасалған тілімшелерді газбен пісіру. Лексикография және сөздіктер түрлері