Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Менің болашақ мамандығым-газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі
    Содержание дисциплины

    Мамандыққа байланысты сөз тіркестері. Газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі

    Учебная тема
    Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы

                Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады. Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді. Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу.Синхрондық лингвистика. Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

    Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

    Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

    Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. 

     

    1-Тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз: Баба тілі, ана тілі, туған тіл,ұлт тілі, халық тілі, көне тіл, өлі тіл, туыстас тіл.

    2- Тапсырма . Әріптесіңізбен «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» тақырыбына

    пікірлесіңіздер, диалог құраңыздар.

    3- Тапсырма Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

    Казахи, как и все тюркские народы, являются наследниками рунической письменности, известной в науке как орхоно-енисейская. Рунический

    алфавит состоял из 24 букв и слово разделительного знака. Затем под арабско-мусульманским влиянием на территории Казахстана стали пользоваться арабским письмом. Казахи, живущие в Китае, продолжают до сих пор пользоваться модифицированной арабской графикой в средствах массовой информации и частично в системе образования. В период между 1929 и 1940 гг. Использовалась латинская графика. Современный казахский язык, начиная с 1940 года, использует кириллическую графическую систему. Казахский алфавит содержит 42 буквы. В исконно казахском языке существует 28 звуков. Они, как и в русском языке, делятся на две основные группы: гласные и согласные.

    Следует отметить, буква и звук не одно и то же. Букву мы пишем и видим, а звук произносим и слышим.


    Бақылау сұрақтары:

    1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?

    2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

    3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады?

    4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады? 

    Содержание дисциплины

    Менің болашақ мамандығым-газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Мамандыққа байланысты сөз тіркестері. Газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі