Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Кәсіби сөздер мен терминдер
    Содержание дисциплины

    Полисемия сөз мағыналарын зерттейтін ғылым

    Учебная тема
    Тіл білімі және оның салалары. Фонетика. Лексика

                Tіл білімі немесе лингвистика—тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл — қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге, мысалы, фонетика саласы сипаттама фонетика, са-лыстырмалы-тарихи фонетика, экспериментальды фонетика және т. б. болып бөлінеді. Мұндай ішкі салалар немесе тармақтар жайында мағлүұмат осы кітаптың әр тарауының тұс-тұсында беріледі.Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде болады. Тілдің әр түрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалық кұрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтарын) зерттейтін салалары да (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болады.Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны (тілді) шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.

    Толық мағынасындағы ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи және. салыстыру тұрғысынан зерттеудің негізінде, дәлірек айтқанда, тілдерді 

    Фонетика - (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.

    Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

    Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,

    себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ,

          Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін ғылым– лексикология, мағыналарын тексеретін – этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін – лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік бірліктердің ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарының ара қатынасы мен байланысы, лексикалық минимум және т. б. мәселелер енеді.

    Бақылау сұрақтары:

    1.Тіл білімінің салалары дегеніміз не?

    2.Фонетика дегеніміз не?

    3.Лексика дегеніміз не?

    Содержание дисциплины

    Кәсіби сөздер мен терминдер

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Полисемия сөз мағыналарын зерттейтін ғылым