Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Мамандыққа байланысты сөз тіркестері. Газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі
    Содержание дисциплины

    Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы

    Учебная тема
    Талант – дән тәрізді. Лексикология оның түрлері мен салалары. Лексика туралы жалпы түсінік

    Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағына да қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.

    Лексика (гр. lexicos – сөздік) тіл ғылымында сөздік немесе сөздік құрам деп аталады. Кейде бұл термин тілдің әр түрлі қызмет саласындағы сөздередің жиынтығы (кітаби лексика), жазушының (М.Мағауинлексикасы) немесе жеке шығарманың тілі («Абай жолы» лексикасы) деген тар мағынада да қолданылады.

    Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді.Басқа тілдер секілді, қазақтіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қамтиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.

    Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек кайтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.

    Лексикологияныңең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әрбасқа тұрғыдан қарастырады.Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.Лексикология сөздітілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөзтіркестері де қарастырылады.

    Лексикология және оның салалары

    Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегітұрақты сөзтіркестерін де, говорлар мен жергілікт і диалектілерді де, зат немесе құбылыс ұғымының нақты бір сөз бен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халықаттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соғанорай лексикология өзішінен семасиология, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға бөлінеді.

    Лексикологияның еңбасты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан қарастырады. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:

     1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;

     2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;

     3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әр түрлі сөздіктер құрастырады.

     4. Ономасиологияда сөздікқор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.

     5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.

     6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді

    зерттейді.

     Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, орфология мен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығызбайланысады. 

                Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу егі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден, экспрессивті-стильдік сипатымен қызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөзде және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болыпта былады.

    1-      Тапсырма Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз және олардың орыс тіліндегі балама мақал-мәтелдерін айтыңыз.

    Алтынды көрсе, Періште де жолдан таяды.

    Алтын, күміс тас екен, Арпа, бидай ас екен.

    Сабыр түбі – сары алтын,

    Сақтаған жетер мұратқа.

     Көп сөз - көмір, Аз сөз – алтын.

    Жылтырағанның бәрі алтын емес.

    Адал достық – алтыннан қымбат.

    2-      Тапсырма Мына сөздердің синонимін табыңыз.

     Балқу, қолданылады, жасалған, берік, қазіргі кез, электр тізбегі, қозғалтқыш.

    3-      Тапсырма Қазақша баламасын тауып жазыңыз.

    вещь –

    латунь –

    волосок –

    не совпадать –

    газ

    взрыв –

    примесь –

    приемник –

    башня –

    блеск –

    жидкий –

    проволока –

    детали –

     

    Бақылау сұрақтары:

    1.Лексикалогия дегеніміз не?

    2.Лексикалогияның басты салаларын ата

    3.Лексикалогия нені зерттейді?

    Содержание дисциплины

    Мамандыққа байланысты сөз тіркестері. Газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы