Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Сөз мағыналарының өзгеру себебі. Метафора, метонимия
    Содержание дисциплины

    Шылау. Шылаудың емлесі

    Учебная тема
    Табу сөздер. Эффимизмдер

    Табу сөздер.

    а) Мифтік ескі аным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер

    ә) Наным–сенімге байланысты кейбір заттардың аттарын басқаша атаудан туындаған сөздер

    Табу(мысал)

    Қайынаға, қайыніні, д.с  туысқандық атаулар, ауру түрлеріне байланысты (қорасан –шешек, жаман ауру – қылтамақ- рак), азулы аңдардан (қасқыр-ұлыма), табиғаттың түсініксіз құбылыстарынан қорыққаннан (найзағай-жасыл). 

    Эвфемизм

    а) Бір нәрсенің, құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естілсе, орнына    қолданылатын сыпайы, жағымды сөздер. 

    ә) Кейбір заттың, не құбылыстың атын айту қолайсыздау болған жағдайда орнына қолданылатын сыпайы сөздер. 

    Эффемизм (грек. eu–жақсы, phemі–айтамын)–мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағыморальдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ,ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Эффемизм дегеніміз не?

     2. Табу сөздер дегеніміз не?

     3. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдері?

    Содержание дисциплины

    Сөз мағыналарының өзгеру себебі. Метафора, метонимия

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Шылау. Шылаудың емлесі