Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Іскерлік қарым- қатынас. Үстеу
    Содержание дисциплины

    Қауіпсіздік техникасы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас сөйлемдер. Сабақтас сөйлемдер. Аралас сөйлемдер

    Учебная тема
    Сөйлем және оның құрамы. Жай сөйлем сөйлем туралы түсінік

    Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.[1]

    Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүктесұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

    Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

    Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

    Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.

    ·         Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;

    ·         Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;

    ·         Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;

    ·   Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;

    ·   Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;

    ·   Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақтыжалпылама жақты;

    ·   Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.

    ·   Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді. 

    ·   Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

    ·   Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

    ·   Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. 

    ·   Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі. 

     

    1-                 Тапсырма Көп нүктенің орнын тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.

         Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншілік..., халыққа деген құрмет..., осы екеуі  үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.   Жастары... отаншыл болсын. Отаншыл... - әр адамға керекті ең ұлы қасиет.

    Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақта..., бірге  туған         бауырлары... тату болса, өзінің туған ауыл, қала..., туған ұлтын сыйлап, қадірле..., сол адам отаншыл болады.

     

    2-                 Тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз.

    Если ты ее увидешь, пусть позвонит мне. Если вы пойдете в кино, скажите

    им. Если они сходят на работу, то сами все увидят. Если вы будете смеяться,я ничего не буду говорить. Если он не выполнит задание, его не примут.Если пойдет снег, я останусь здесь.

    Содержание дисциплины

    Іскерлік қарым- қатынас. Үстеу

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Қауіпсіздік техникасы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас сөйлемдер. Сабақтас сөйлемдер. Аралас сөйлемдер