Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Полисемия сөз мағыналарын зерттейтін ғылым
    Содержание дисциплины

    Сөз мағыналарының өзгеру себебі. Метафора, метонимия

    Учебная тема
    Сөз мағыналарының өзгеру себебі. Метафора, метонимия

                Сөз тілдің,оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды,олардың қасиеттерін,шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі бірлігі,дербес бөлшегі болып табылады.Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып,сөз жеке тұрып та,басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп,ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады.

    Біріншіден,сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады,дыбыссыз сөз жоқ.Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы,сол арқылы жарыққа шығады.Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес,тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан.

    Екіншіден,сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып,зат, құбылыс,іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті,қоғамдық деңгейде қалыптасып,қауым таныған ұғымды білдіреді. Мысалы,мал,қол,үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр. Үшіншіден,сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады,соларға телулі.Сөз таптарына біртұтас сөз тұлғаларын жасап,грамматикалық бірлік бола алады.Бұл – оның сөз тіркесінен өзгешелігін көрсетеді.Сонымен бірге әрбір сөз не түбір морфемадан,не түбір мен қосымша морфемалардан тұрады,солардың жиынтығы болып табылады.Мысалы,бас десек,бір ғана түбір морфемадан,бастық десек,түбір морфема мен қосмша морфемадан,бастыққа десек,бір түбір морфема,екі қосымша морфемадан жасалып тұр.

    Cөз табиғатының күрделілігіне байланысты қазіргі тіл білімінде оның басқа да қасиеттері көрсетіліп жүр.

    1.Сөз құрылымның тұйықтығы.Дербес сөз болу үшін оның құрылымына өзгеріс енгізуге,басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы шарт,яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы,тұтастығы сақталуы керек.

    2.Сөздің сөйлеу үстінде даяр қалпында үнемі қайталанып отыратындығы.Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйінде қолданылады,ол сөйлеу үстінде жасалмайды.Сөз даяр,тұтас бірлік ретінде жұмсалу қасиеті жағынан фразеологизмдерге ұқсас.

    Сөз мағынасының өзгеруінің,оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар:

    1.сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері;

    2.тілдік немесе лингвистикалық себептер.

    Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып,сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді. Мысалы,жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге,

    1)идея,бағыт 2.тәсіл тәрізді абстракты,қосымша мағыналарға ие болған.

    «Метафора табиғатында жұмбақтылық бар» - деп Аристотель айтпақшы, тіліміздегі құбылтудың (троп) бір түрі болып саналатын метафора жайлы талай зерттеулер мен ғылыми еңбектер жазылған. Кей жоғарғы оқу орындарында жеке пән ретінде де оқытылады. Бүгін біз сіздерге метафора жайлы аз-кем ақпарат беретін боламыз. Метафора – сыртқы және ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, кимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр. Метафораға келесі сипаттамалар тән: метафора әлемді тану мен ойлаудың құралы, метафора фундаментальды мәдени құндылықтарды көрсетеді немесе мәдени-ұлттық дүниетанымға негізделеді. Б. Х. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «біріншісі-белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі-халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ екеуінің ашық ара-жігі жоқ, өйткені, жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтың дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең таралуы мүмкін». Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады. Адам баласы өзіне қажетті материалдық игіліктерді уақыт озған сайын небір жаңа түрлерін, жаңа үлгілерін өндіріп, жетілдіріп, дамытып отырады. Сонда неғұрлым жетілген зат пен бастапқы қарапайым заттың арасында қызмет бірлігі, белгілі бір жұмысты атқаруы жағынан ортақтық болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл екеуінің бір атаумен атала беруі заңды нәрсе. Олай болса, тіліміздегі жаңа сөздерді, бар сөздердің мағыналарын кеңею, қолдану әсерінің әртараптануын жаңа құбылыстардың жетістіктерінің қажеттіліктерінен туған өзгерістер деп санаймыз. Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады. Сондықтан да олар халыққа түсінікті, белгілі болады. Мысалы: Ошақ бұтын күзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын берер ешкімі жоқ; Қыздар – қыран-топан; Уәдесінде тұрмай, аяқ астынан айнығаны ; Кірер ауыздағы кіп-кішкентай кабинетте күж қара кісі отыр ; Әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады ; Олардың күнделікті қолданылуына байланысты қасиеті солғындап, тұрақты сөз айшығы ретінде жұмсала береді. Дәстүрлі метафоралар сол тілде сөйлейтін халықтың тіршілігі мен тұрмыс күйіне, өмір сүрген ортасына, дүниетанымына тікелей байланысты болады. Б. Хасанов дәстүрлі метафоралардың фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге желі болатындығын атап көрсетеді. «Дәстүрлі метафоралар – меншіктік авторы жоқ халықтық қазына, оны кез келген қаламгер сөзінен табуға болады, олар бірте-бірте бейнелілік қасиеті солғындап, омонимге айналуы мүмкін, тіпті тұрақты сөйлеу штампына айналуы мүмкін»,-дейді ғалым Хасанов. Ал индивидуалдық метафора – өмірдің кейбір жағдайларынан берілген субьективті баға, өзіндік тұжырым, бұл метафоралардың авторы болады. Индивидуалдық метафоралар өзінің айырмашылықтарымен қатар дәстүрлі метафоралардың ерекшеліктерін түгел қамтиды. Бұл оның салыстыру обьектілерін жалпақ қамтитын, диапазонының кеңдігін көрсетеді. Автор дәстүрлі метафоралармен қатар өзіндік жеке қолданыстағы бейнелеуіш метафораларды пайдаланған. Мысалы: Бар білген-cоңына соңына мына сілбу іздің қимылынан сөлекет бірдеңе сезе ме, қалай?; Мына іш пыстыратын сылбарлық реніш шақырғандай әлденеге ұқсай ма?; Мамандығына сәйкес бір жұмысқа табан іліктіргесін той жабдығына әзірлене бермек; Қарауытып бүйе аяқтанып алған қалың қас үрпі-түрпі; Ішінен тынып, өз қасіретіне өзі уланып жүр; Ендігі кезекте, метафора туралы қысқа тұжырымдарды сараптай кетейік: Метафора - тілді, мәдениетті, ғылым мен өмірді, бүкіл әлемді бір жерге тоғыстырады. Метафора - танымның әмбебаптығы болып табылады, әлемді метафора арқылы бейнелеуді қазіргі психологтар адамның мәдениетіне сәйкес, адамның шығу тарихымен байланыстырады. Метафора – барлық тілге тән, тілдің әмбебап құбылыстарының бірі. Метафораның әмбебаптығы кеңістік пен уақытта, тілдің құрылымы мен қызметінен көрінеді. Метафора сонау Аристотель заманынан бастау алады. Метафора - мағынаның ауысуы – сөздер мен сөз орамдарының ұқсастығы, сәйкестігі бойынша қолданылуы. Метафора мәселесі көбінесе стилистикалық құрал ретінде немесе көркем шығарма тәсілі ретінде қарастырылады. Метафоралардың пайда болуы тілді игерушінің концептуальды жүйесіне, әлемді қабылдау стандарттарына, бағалауына тікелей байланысты, яғни осы көріністердің барлығы тілде вербалданады. Ғалымдар метафораны кей кезде әлемді түсінуге көмектесетін фундаментальды сезім дейді, олар метафораны шындықты (реальность) бейнелейтін құралға балайды.

     Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.

    Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйіншісұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Тілімізде мифологиялық метонимиялар да кездеседі: Парнас – поэзия мен музыка мекендейтін тау аты, Пегас – Зевстің қанатты тұлпары, ақындарды рухтандырушы. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б. Метонимия заттар мен құбылыстар атауын нақты мағынадағы байланысына қарай алмастырады. Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.[1]

    Метонимия қызметіндегі атаулар мынадай реттерде ауысып отырады:

    ·                     1) бір табақ ет жеді (тамақ), сұйықтың орнына ыдыс атауының: табақ (бір табақ жеді);

    ·                     2) заттың жасалатын материалының атауы: шыны (шыныға құйды - стаканға құйды, шөлмекке құйды);

    ·                     3) тұрғындардың орнына қоныс атауы: ауыл (бүкіл ауыл жиналды - бүкіл ауыл тұрғындары жиналды);

    ·                     4) қимылдың орнына қимыл нәтижесінің атауы: аялдама (автобус аялдамаға келді - автобус аялдайтын жерге келді);

    ·                     5) қатынасушылардың орнына сол әлеуметтік оқиғалар мен шаралардың атауы: конференция (конференция шешім қабылдады - конференцияға қатынасышулар шешім қабылдады);

    ·                     6) ғылым, білім салаларының орнына сол ғылым, білім нысандарының немесе керісінше, ғылым мен білім нысандарының орнына сол ғылым, білім салалары атауларының қолданылуы: синтаксис (біріншіден, бұл грамматиканың бір саласы ретінде жұмсалады; екіншіден, грамматиканың осы саласы зерттейтін нысандардың атауы ретінде де жұмсалады);

    ·                     7) әлеуметтік ұйым, мекемелердің мүшелердің орнына сол мекеме, ұйымдардың атаулары пайдаланылады: кеңшар - кеңес шаруашылығы (кеңшар) көктемгі егіске әзір - кеңшар (кеңес шаруашылығы) жұмысшылары көктемгі егіске әзір;

    ·                     8) сезімге әсер ететін оқиғаның орнына эмоционалдық сөздің қолданылуы: тамаша (тамаша болды - тамаша концерт болды);

    ·                     9) оқиға, шығарманың орнына сол оқиға, шығарманың авторының аталуы: Әуезов, Төлебаев (Әуезовті оқыдым — Әуезов әңгімелерін оқыдым;Төлебаевты тыңдадым — Төлебаевтың операсын тыңдадым), бірақ Әуезов қызық екен немесе Төлебеав мұңды екен сияқты сөйлемдерде метонимияның қызметі жоқ және сөйлем мүлдем басқа мазмұнды баяндап кетеді. Метонимияның эллипсистік түрлері тілімізде жиі кездеседі. Бұлар көп жағдайда ауызекі сөйлеу барысында немесе көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің сөздерінде ұшырасып отырады. Сондай-ақ эллипсистік метонимия көрші сөйлемдердің мазмұнынан түсінікті болып отырады: бастың дәрісі - бас аурудың дәрісі. Саған не болды? - Басым (басым ауырып тұр). Ол жүректен (жүрек ауруынан) қиналып жүр т.с.с.

    Бақылау сұрақтары:

    1.      Сөз мағыналарының өзгеру себебі?

    2.      Метонимия дегеніміз не?

    3.      Метафора дегеніміз не?

    Содержание дисциплины

    Полисемия сөз мағыналарын зерттейтін ғылым

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Сөз мағыналарының өзгеру себебі. Метафора, метонимия