Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Содержание дисциплины

    Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы

    Учебная тема
    Менің болашақ мамандығым-газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі

                Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы мұнай мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі(перспктивалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың алдыңғылары бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игері- ліп немесе барланып жатқан, әйтпесе уақытша сақталып қойылған кенорындармен байланысты. Келелі және болжамдық ресурстар әзір табыла қоймаған, бірақ анықталған әр түрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі және шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері тұрғысынан жеткілікті дәрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар болып табылады.

                2005 жылдың 1-ші қаңтарына есептегенде, Қазақстанда мұнай мен газдың 230 кенорны белгілі, олардың 131-і Каспий маңы ойысында, 18-і Солтүстік Үстірт-Бозащы алабында, 57-і Оңтүстік Маңғыстауда, 15-i Оңтүстік Торғайда және 9-ы Шу-Сарысу шөгінді алабында. 210-ға жуық кенорын мемлекеттік баланс тұрғысынан есепке алынған, қалғандары мұнай мен газдың жекелеген ағымдарымен ғана сипатталатын барланып жатқан алаңшалар дәрежесінде. Шу-Сарысу алабы ғана таза газды алап болып табылады, қалғандары негізінен мұнайлы алаптар санаты- на жатады, алайда бұл алаптарда да газ және газ-конденсат кенорындары мен жекелеген жатындары ұшырасады, және де олардағы мұнай мен дербес газдың бір-біріне деген қатынасы әр түрлі болып келеді.

                Отандық және шетелдік мамандардың болжамдық бағалау деректеріне сәйкес, барланған қорлардың еселей артуы тек қана Каспий теңізі айдынының табанынан ғаламат ірі кенорындардың ашылу мүмкіндігімен байланыстырылған бо- латын. Осы болжам республика мұнайының қорын 35 %-ға есіруге мүмкіндік берген Қашаған кенорнының ашылуымен расталып отыр. Мұндай ғаламат ірі кенорындардың болашақта да табылу мүмкіндігі күмәнді, десек те біршама ірі ашы- мупар жоққа шығарылмайды, олар бірінші кезекте Каспий теңізінің бозащылық белігіндегі мезозойлық түзілімдермен, атап айтқанда Құрманғазы алаңшасымен, Каспий айдынының солтүстігіндегі палеозойлық карбонатты массивтермен, сол сияқты Оңтүстік Маңғыстау алабындағы Песчаномыс-Ракуш және Беке-Басқұдық беліктерімен байланысты болуы тиіс. Шөгінді алаптардың құрлықтағы бөліктері ауқымынан ірі-ірі кенорындар ашылу мүмкіндігі тамамдалғанға ұқсайды, сондықтан барланған қорлардың бүгінгі қол жеткен деңгейі тұрақты деңгейге жақындап келеді. Бозащы секторының мезозой түзілімдерінен және Каспийдің солтүстік бөлігіндегі тұзүсті түзілімдерінен қоры жағынан ұсақ және орташа кенорындар санатына жататын, негізінен мұнай кенорындарының ашылу мүмкіндіктері әлі де болса өте жоғары бола тұрса да, бүл ашылулар қорлар балансын күрт жоғарлатып жібере алмайды, себебі, біріншіден, бұл ашылулар ұзақ уақыттарға созылатын болады, екіншіден, жаңадан анықталатын қорлар қазір игеріліп жатқан кенорындардан алына- тын сұйық көмірсутектердің мөлшерін белгілі дәрежеде жауып отыруға ғана жететін болады.

                Қазақстанның газға деген потенциалы да дербес газдың барланған қорларымен және әзір барланбаған, яғни күтілген (перспективалық) және болжам ресурстарымен анықталады. Дербес газдың, яғни газ жатындары мен газды тақия газдарының қоры жағынан Қазақстан барланған газ қорының 90 %-ына иелік ететін 23 елдің ішінде 16-шы орынды иеле- неді. Қазақстан дүние жүзіндегі газ қорының 1,3 %-на ие. Газдыңбарланған қорларының97 %-ға жуығы Батыс Қазақстан аймақтарында, оның 75 %-ы Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының үлесіне 7-8 %-дан келеді. Газдың басым белігі Қарашығанақ кенорнында шоғырланған. Республиканың газдық потенциалы Каспий теңіз айдынының табанынан жаңадан ашылған газконденсатты-мұнайлы кенорындар есебінен артатын болады. Дербес газдың жыл сайынғы енімінің 80 %-ын Батыс Қазақстан облысы, 13 %-ын Маңғыстау облысы қамтамасыз өтеді, қалған белігі езге облыстар мен аудандардың үлесінде. Газ ендіру деңгейін Қарашығанақ, Имашев, Чинарев, Ұрықтау, Жаңажол, Теңге, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Амангелді, Шағырлы-Шөмішті кенорындары және кенорындардың Прорва тобы қамтамасыз етеді, бул кенорындарда дербес газдың қазіргі кезде барланған қорының 95 %-ға жуығы шоғырланған. Алайда аталған кенорындардың кейбіреуінде газасты мүнай жастықтары мен мүнай жұрындарының бо- луы сол жатындардың газды белігін игеруге енгізуге мұнайды түгел алып болғанға дейін кедергі келтіретін болады. Газ- ды оның құрамындағы күкіртсутектердің мол концентрациясынан тазарту проблемасы Имашев кенорнын игеруге күні бүгінге дейін кедергі келтіріп отыр.

                Қазақстанның газға деген потенциалында мұнайда еріген газдардың үлкен маңызы бар, олардың барланған қорлары дербес газдың барланған қорларынан артық. Еріген газдар қорының 85 %-дан астамы Атырау облысындағы Қашаған және Теңіз кенорындарында шоғырланған, сондықтан бұл кенорындарды игеру барысында алынған газды мұнай жатындарына жарым-жартылай қайтадан айдау шараларымен анықталатын технологиялық іс-шаралар жоспарланған. Алайда бұл кенорындардан алынған еріген газдың бүкіл мөлшері жатындарға қайтадан айдалмайтындығы сөзсіз, сондықтан олардың бір бөлігі республиканың ішкі өңіріндегі және экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.

                Пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансымен 130 газ кенорны есепке алынған. Олардың ішінде 3 кенорын бастапқы өндірілмек қорларының пайдалы қазба қорларының Мемлекеттік комиссиясының жіктемесіне сәйкес бағаланған мөлшері жағынан ғаламат ірі (300 млрд. м3), екеуі өте ірі (100,1-300 млрд. м3), төртеуі ірі (30,1-100 млрд. м3), сегізі орташа (10,1-30 млрд. м3), он жетісі шағын (3,1—10 млрд. м3), жиырма бесі кішірек (1-3 млрд. м3) және жетпіс бірі өте кішкентай (1 млрд. м3-ге дейін) кенорындарға жатады. Республика бойынша дербес газға 41, еріген газға 44 кенорын игерілуде. Конденсат Мемлекеттік баланспен 42 кенорында есепке алынған. Олардың 30-ы мүнай-газ-конденсатты, 12-і газ-конденсатты кенорындар. 42 конденсатты кенорынның 18-і игерілуде, 18-і игеруге дайындалған, 6 кенорын барлануда. Қарашығанақ дербес газ түрғысынан ғана емес, конденсат тұрғысынан да ғаламат ірі кенорын. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан аймағында таушайырлардың 64 дербес шоғыры әр түрлі дәрежеде зерттелген, олардың 18-і барланған, 2 кенорында (Қарамұрат, Иманқара) тәжрибелік өндіру шаралары жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы мұнай өндіру тұрғысынан дүние жүзіндегі ежелгі елдердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көмірсутек шикізаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында өндіріледі.

                Республикада табиғи газдың айтарлықтай қоры бар, алайда ол өз қажеттілігінің үлкен бөлігін Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей газдары есебінен жабады. Мұның негізгі себебі газбен қамтамасыз етудің әбден қалыптасқан, яғни бұрынғы КСРО-дан мұраға қалған инфроқұрылымы болып табылады, бұл инфрақүрылым газ өндірілетін және газды тұтынатын аймақтардың бір-бірінен қашық орналасуымен, газ қүбырларының тармақталған тораптары болмауымен сипаттала отырып, барланған және игеруге дайындалған кенорындарды іске қосу ісіне айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді. Газ негізінен Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, азырақ мөлшерде Атырау және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Маңғыстау облысында газ 8 конорыннан өндіріледі, олар - Теңге, Оңіүстік Жетібай, Батыс Теңге, Тасболат, Жетібай, Ақтас, Қарамандыбас және Өзен кенорындары. Республикада өндірілетін газдың негізгі бөлігі (50 %-дан астамы) соңғы жылдары Қарашығанақ кенорнының үлесіне тиіп отыр.

                Республиканың табиғи газға деген қазіргі таңдағы сүранысы жылына 7-8 млрд. м3. Сонымен, Қазақстан өте ірі мүнай-газ потенциалына иелік етеді, оның ішінде сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің барланған қорының биік үлесімен сипатталады. Мұның өзі мұнай мен газды өндіру деңгөйін арттырып қана қоймай, мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің шикізат базасын жаңадан ашылған, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторынан табылған жаңа кенорындар есебінен нығайта түсуге де мүмкіндік береді.

    Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

     

    1-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.

    рөл атқарады газдандыру халық дамуында маңызды зор.шаруашылығының барлық саласының

     

        2- тапсырма Төмендегі үлгі бойынша өзіңіздің қызметіңіз туралы айтып беріңіз.

    Менің аты-жөнім ... . Мен .......... қызмет

    атқарамын. Менің мамандығым ... , лауазымым ... . Менің жұмыс бөлмем

    ... қабатта орналасқан. Менің қызметтік міндетіме ......................................

    кіреді. Осында жұмыс істегеніме ... жыл(ай, апта, күн). Жалпы, еңбек өтілім

    ... жыл(ай, апта, күн). Жұмысым өзіме ұнайды.

     

     

    Бақылау сұрақтары:

    1. Қазақстанда қандай  зерттеу институты бар?

    2. Елімізде   газ   индустриясының   негізі қашан дамыды?

    3.  Қазақстанды газбен қамтамасыз етк қандай жолға қойылған?

    Содержание дисциплины


    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы