Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы
    Содержание дисциплины

    Талант – дән тәрізді. Лексикология оның түрлері мен салалары. Лексика туралы жалпы түсінік

    Учебная тема
    Мамандыққа байланысты сөз тіркестері. Газ объектілері құрылғыларын пайдалану технигі

    Газ объектілері құрылғыларын пайдалану саласындағы терминдерді тудырушы жұрнақтардың белсенділік деңгейі әртүрлі. Мәселен:-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтары арқылы көптеген терминдер қалыптасқан. Бұл жұрнақтар термин жасауда өнімді жұрнақтардың қатарынан табылды. Мысалы: Дәнекерлегіш, өткізгіш (проводник), ажыратқыш (выключатель), сақтандырғыш (предохранитель), көрсеткіш (показатель), араластырғыш (смеситель), қыздырғыш (нагреватель), түзеткіш (выпрямитель), салқындатқыш (охладитель), дірілдеткіш (вибратор), күшейткіш (усилитель), үдеткіш (ускоритель), түрлендіргіш (преобразователь) т.б. Атаулы жұрнақтардың көмегімен жасалған терминдер жоғарыда келтірілген мысалдардан орыс тіліндегі -тель суффиксімен жасалған қосымшаларға сәйкес келетінін байқау қиын емес. Ғалым Ш.Құрманбайұлының сөзімен айтқанда, «...Біріншіден, мұнда бірізділік бар. Екіншіден, тіларалық сәйкестік сақталған. Орыс тіліндегі құрал-саймандар мен жабдықтардың, механизмдердің атауын жасауда жиі қолданылатын суффикс арқылы жасалған терминдер біздің тілімізде дәл сондай мағына беретін жұрнақ арқылы туындаған. Үшіншіден, бұл көмекші морфема арқылы жасалған терминдердің ықшамдылығымен, қолдануға қолайлылығымен де ерекшеленетіндігін айту керек» 

      -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жайма (развертка), сынама (проба), ысырма (задвижка), қоспа (смесь), сырғыма (скольжение), түйіспе (контакт), қаптама (кожух), серіппе (пружина), орама (обмотка) т.б. терминдер қолданысқа енген. Бұл жұрнақтардан құралдық және іс-әрекет, үдеріс нәтижесінде туындаған мағынаны білдіретін  атаулар қалыптасқан.

    -ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы төсем (настил), өлшем (мера), орам (виток), айналым (оборот), құрылым (структура), тартым (тяга), қысым (давление) т.б. терминдер жасалған. Етістік тұлғалы сөздерге жалғанып, зат есім тудыратын бұл жұрнақтардан энергетика саласында ұғым, зат атауларын білдіретін термин атаулары қалыптасқан.

    -ық, -ік, -қ, -к  жұрнақтары арқылы сызық (линия), үзік (разрыв), ойық (паз), түтік (трубка), тізбек (цепь), тірек (опора), елек (грохот), т.б. терминдер қолданысқа енген. Бұл жұрнақтар «тілдің тарихи бастауында қимыл есім қызметін атқарып, қызметтік-семантикалық құрылымы дамуы нәтижесінде сөзжасамдық тұлғаға өзгерген» /6, 440/.

    -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары да термин сөздер жасауға қатысады. Мысалы: сүзгі (фильтр), сорғы (насос), құрылғы (устройство), соққы (удар), қондырғы (установка) т.б. терминдер қолданысы соның дәлелі. Термин атауларынан жұрнақтардың етістік тұлғалы сөздерге жалғанып, зат есім тудыратын бұл жұрнақтардың энергетика саласында негізінен құрал, құрылғы немесе жабдық атауы қалыптасқанын байқаймыз.

    -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жиілік (частота), беріктік (прочность), дәлдік (точность), кернеулік (напряженность) т.б. терминдер қалыптасқан. Бұл жұрнақтар зат есім, сын есім тұлғалы сөздерге жалғану арқылы жаңа термин атауы жасалып тұр.

    -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы толқын (волна), ағын (поток), құйын (вихр), түйін (узел)  т.б. терминдер жасалған. Мысалдардан жұрнақтардың етістік тұлғалы сөздерге жалғану арқылы термин атауы қалыптасқанын байқауға болады.

    -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы тербеліс (колебание), үйкеліс (трение), қозғалыс (движение), байланыс (связь), айналыс (вращение), ағыс (течение) т.б. терминдер қалыптасқан. Атаулы жұрнақтар етістікке жалғанып, өзінің зат есім тудырғыш қызметін атқарып тұрғанын көреміз.

    -уыш, -уіш жұрнақтары арқылы реттеуіш (регулятор), тежеуіш (тормоз), өлшеуіш (измеритель), дәнекерлеуіш (паяльник), тіркеуіш (регистратор), санауыш (счетчик) т.б. терминдер жасалған. Атаулы жұрнақтардан ұғым атауларын білдіретін терминдер қалыптасқан.

    Қорыта келе, энергетика мамандығына байланысты терминдерді жасауда жұрнақтар арасында -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары өнімді екендігін байқадық. Келтірілген атаулар мен ұғымдардан энергетика саласындағы терминдерді қалыптастыруға белсенділік деңгейі жоғары жұрнақтарды анықтауға, олардың түбір сөзге жалғану арқылы оған үстейтін мағынаға сай қандай ұғымға атау болатындығын анықтауға мүмкіндік берді.

    1-Тапсырма Мамандыққа байланысты сөздерден сөйлемдер құрау

    Дәнекерлеу, термиттік әдіс, ұсталық әдіс, газбен дәнекерлеу, ацетиленді генераторлар

    2-Тапсырма  Мына сөздердің антонимін тауып жазыңыз.

     ірі –

    тікелей –

    алғашқы –

     дамыды –

     салынды –

     баяулады –

    өркендеді –

     қарқынды –

    3- Тапсырма Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп көріңіз

    1. Адам көңілінен азады,

    Тілінен жазады.

    2. Артық тұз асқа залал,

    Артық сөз басқа залал.

    3. Арқанның ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

    4. Сөз беру- бір абырой,

    Сөзінде тұру- мың абырой.

    5.Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа,

    Сөйлеген соң өзіңе сөзің қожа.

    Содержание дисциплины

    Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Талант – дән тәрізді. Лексикология оның түрлері мен салалары. Лексика туралы жалпы түсінік