Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Газ оттегілі қосу. Табу сөздер мен эвфемизм
    Содержание дисциплины

    Газ жабдықтарын тарту жолдары. Терминдер мен терминология

    Учебная тема
    Кәсіби сөздер. Мамандыққа байланысты сөз тіркестері

    Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.  Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді. Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: мордатоспайитерқұлаламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады. Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақылбедетанапкөшетатыз, тағы басқа.

    МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК

    Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі өте көп. Біреулердің арманы - әнші немесе адам өмірінің арашашысы – ақ халатты дәрігер болу. Енді біреулері – шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз, сөзбен өрнек салатын жазушы болуды армандайды. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Сөйтіп, болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.ъ

     

     1-тапсырма. Мәтінді өзіңіз толықтырыңыз және кейін пайда болған жаңа мамандықтар туралы әңгімелеңіз.

     

    1-тапсырма. Берілген жоспар бойынша «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында таңдаған мамандығыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

     1. Мен таңдаған мамандық.

     2. Ол мамандықтың ерекшелігі.

    3. Ол мамандықты қалау себебім.

     4. Сол мамандықта еңбек етіп жүрген ардагерлер.

    5. Олардың ел құрметіне бөленуі.

    6. Өз мақсатыма жету үшін алдағы жоспарым мен ойларым.

     

    2-тапсырма. Мына нақыл сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңіз және орыс тіліне аударыңыз.

    1. Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі. (Абай).

    2. Оқымаған маманның ойы шабан.

    3. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

    4. Жаның сүйген еңбегің – жан рақаты.

    5. Игілік кілті – еңбекте.

     

    3-Тапсырма Мамандыққа байланысты кәсіби сөздерді теріп жаз.

    Болат қорыту барысында газдар (оттегі, сутегі, азот) металл фазасына өтеді:

    1) шикіқұрамдық материалдардан;

    2) агрегат атмосферасы мен үрлемеден (ауа, оттегі);

    3) ферроқорытпа мен қосымша материалдардан;

    4) балқыманы шөмішке ағызу мен құймақалыпқа құю кезінде жанасқан атмосферадан.

                Болатта газдың көпіршік, қосылыс (оксид, нитрид, гидрид) және ерітінді түрінде болуын, яғни атом, ион немесе қосылыс түрінде енуін, оның металда еруі дейді. Газ бөлшектері сұйық металл бетімен жанасып, абсорбция және газ молекулалары атомдарға ыдырап, металда ериді.

                Газдың металда еру жылдамдығы, оның ыдырау жылдамдығы мен сұйық металдағы газ массажылжымымен анықталады. Температура көтерілген сайын газдың металда еруі ұлғаяды, өйткені диффузия коэффициентінің мәні артып әрі металдың тұтқырлығы азаяды.

    Болаттағы азот мөлшері үрдіс түріне байланысты, %:

    Томастық 0,015–0,020

    Бессемерлік 0,010–0,015

    Электрдоғалық 0,005–0,010

    Мартендік 0,002–0,005

    Оттегілі конвертерлік 0,002–0,005

    Үрдіс түріне қарай балқымада азоттың еруі мен одан шығу үрдісі әр түрлі. Металдағы газ мөлшері аз болғанның өзінде, болат қасиетіне елеулі әсер етеді. Сондықтан болат қорыту үрдісінде газды металл фазасынан шығару шаралары қарастырылады.

                Азот.Газдың темірде еру үрдісінде азот молекулалары атомдарға ыдырайды N2→2[N]. Теңдеудің тепе-теңдік константасы

    KN=[N]2/рN2 (1.77)

    Осыдан азоттың темірдегі ерігіштігі Сивертс заңы бойынша

    [N]=KN (1.78)

                Азоттың темірде ерігіштігіне температура әсер етеді (1.5 сурет). Темір қатты күйден сұйық күйге ауысқанда және темірдің полиморфтік түрленісінде азоттың ерігіштігі секірмелі өзгереді. Азотты γ – темір, α–және δ – темірге қарағанда, көбірек ерітеді

     

    Бақылау сұрақтары:

    1. Кәсіби сөздер дегеніміз не?

    2. Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?

    3. Мамандыққа байланысты мақал мәтелдер айтыңыз?

    Содержание дисциплины

    Газ оттегілі қосу. Табу сөздер мен эвфемизм

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Газ жабдықтарын тарту жолдары. Терминдер мен терминология