Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Диалектология туралы жалпы түсінік
    Содержание дисциплины

    Тіл білімі және оның салалары. Фонетика. Лексика

    Учебная тема
    Кәсіби сөздер мен терминдер

                Белгілі бір кәсіп, шаруашылык саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.

     Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен тілде еліміздің әр аймақтарының жер жағдайына қарай диханшылықпен айналысуына, бау-бақша, балық, аңшылықты кәсіп етуіне қарай жалпылама лексикаға кірмейтін сөздер бар. Кәсіби сөздер шаруашылықтың бір ғана саласына қызмет етеді. Әр жер ерекшелігіне қарай халықтың шұғылданатын шаруашылығы да ортақ болатындықтан, бұларға аймақтық бірлік тән.

     Оңтүстік Қазақстандағы жүрт мақта шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың тілінде жегене, күнжара, көсек, терім, шит, қаза т.б. сөздер бар.

     Қазақ халқының барлық өңірлерінде қолданылған усталық, аңшылық, зергерлік т.б. өнерге, кәсіпке байланысты пышқы, шербек, кемпірауыз, пәрбі т.б. сөздері колданылады.

     Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы үғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды.

     Термин сөздердің жасалу жолдары.

     1.   Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, вектор, эпос, поэзия, пьеса т.б.

     2.   Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

     3.   Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төл+қужат (паспорт), ән+уран (гимн) т.б.

     

    Кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер 

    Арбасының дөңгелегін майламаса арбакештің майы қайнамайды. 

    Арқалап отын тасыған, арқасы терге сасыған. 

     

    Бағбан жемісті ағашын айтар, 

    Мұрап суының сағасын айтар, 

    Шопан өсірген қойын айтар, 

    Өлеңші өлең айтқан тойын айтар, 

    Ұста соққан тамын айтар, 

     

    Дихан шығымды еңбегінің бабын айтар. 

    Балықшы балықшыны қиядан таниды. 

     

    Бәлен жерде бақыр бар, 

    барсаң, бақыр түгіл тақыр да жоқ. 

     

    Еңбектен себеп, балықшыдан мұрат. 

     

    Ерінбеген етікші болады, 

    Ұялмаған өлеңші болады. 

     

    Ерінбесең ұста боларсың. 

     

    Есігі жаманның төріне отырма, 

    Кәсібі жаманның қасына қонба. 

     

    Етікші бізге жарымас. 

     

    Етікшіден құлаш қаш — 

    бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе. 

     

    Етікшіні балға мен бізі асырайды, 

    Егіншіні кетпенінің жүзі асырайды. 

     

    Инең болса иінің бүтін. 

     

    Кәсіп болмай нәсіп болмас (Төле би). 

     

    Кәсіп, кәсіп түбі нәсіп. 

     

    Кемеші келсе қайықшы жолдан таяр. 

     

    Колхозшы еңбек күнін санайды, 

    Совхозшы тәбілге қарайды. 

     

    Көрмегенге көсеу таң. 

     

    Кірекештің түйесі жүгіменен жайылар. 

     

    Касапшыға мал қайғы, 

    Қара ешкіге жан қайғы. 

     

    Касапшы қалған-құтқанды жейді. 

        

     Бақылау сұрақтары:

    1.      Кәсіби сөдер дегеніміз не?

    2.      Кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер ?

    3.      Кәсіби сөздерге мысал келтір?

    Содержание дисциплины

    Диалектология туралы жалпы түсінік

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Тіл білімі және оның салалары. Фонетика. Лексика