Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Метафора, метонимия, синекдоха
    Содержание дисциплины

    Сөйлем және оның құрамы

    Учебная тема
    Есімді сөз тіркестері

    Есімді сөз тіркестері — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

    Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.

    Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.

    Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).

    Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.

    Етістікті сөз тіркестері

    Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

     Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

     

    Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері. сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады. меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.

     

    Бақылау сұрақтары:

    1.      Есімді сөз тіркесі дегеніміз не?

    2.      Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?

    3.      Есімді сөз тіркесіне мысал келтіріңіз?

    Содержание дисциплины

    Метафора, метонимия, синекдоха

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Сөйлем және оның құрамы