Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Қауіпсіздік техникасы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас сөйлемдер. Сабақтас сөйлемдер. Аралас сөйлемдер
    Содержание дисциплины

    Кәсіби сөздер мен терминдер

    Учебная тема
    Диалектология туралы жалпы түсінік

    Диалектология (гр. dіalektos – сөйлеу, гр. logos – білім) – тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын,ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы.[1]

    Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тән деген, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісу өңірі қазақ үй, Сырдың төменгі бойы қара үй,Ойыл-Жайық жағы ағаш үй, Еділ маңы терме үй, Қазақстанның солтүстігі мен орталығы киіз үй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батысқазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы өзге өңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау – диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымысипаттама диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді.

    Дұрысында, бұлар бір ғылым нысанның екі түрлі әдіспен зерттелуі.

    Тарихи диалектологияның міндеті – жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.

    Сипаттама диалектологияның міндеті – диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау.

    Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нәтижесінде және лингвистикалық география әдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі әдісті көбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы НарынқолКегенМақтааралНұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидаттық, 1948 жылы С.Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды.

     

         Бақылау сұрақтары:

    1.      Диалектология дегеніміз не?

    2.      Тарихи диалектологияның міндеті?

    3.      Сипаттама диалектологияның міндеті?

    Содержание дисциплины

    Қауіпсіздік техникасы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас сөйлемдер. Сабақтас сөйлемдер. Аралас сөйлемдер

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Кәсіби сөздер мен терминдер