Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Білікті кәсіби маман-заман талабы. Есімді сөз табы
    Содержание дисциплины

    Қолмен доғалы дәнекерлеуге арналған электродтар, болат сымдар. Сан есім, Сын есім

    Учебная тема
    Газбен дәнекерлеуге арналған газдар, қосымша сымдар және флюстер. Зат есім

    Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

    Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немерет. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

    1-Тапсырма Мәтінді оқып, әңгімелеңіз.

                Пісіру автоматтары - флюстер және пісіру сымдарын доға аймағына беру, сонымен бірге доғаның қозғалыстары механикаландырылған қондырғы.

    Ал жартылай автоматты қондырғыда доға қолмен жылжытылады. Флюс астындағы доғаның бірқалыпты жануы үшін үлкен ток керек.

    Бірақ, флюс астындағы доға көрінбейді, сондықтан кей жағдайда оны ашықдоғамен алмастырады.

    Ашық доғамен пісіру процесінде жентектелген және өзін-өзі қорғайтын сымды, сонымен бірге аралас қорғау әдісін қолданады.

                Жентектелген сым. Жентектелген сым жұқа болаттан жасалған түтікшенің іші ұнтаққа толтырылған электрод. Жентектелген ұнтақфлюстің, электрод қаптамасы, қорғашыш газдың ролін атқарып тігісті қорғап, оның сапалы болуын қамтамасыз етеді. Жентектелген сым, көбінесе шлангті жартылай автоматтарда қолданылады.

                Қорғағыш газдар. Доғаның жану аймағына инертті газдарды ағынмен үрлеп беріп, пісіруді жүзеге асырады. Қорғағыш газ астында пісіруді балқитын және балқымайтын электродпен жүргізеді. Қорғағыш газ есебінде аргон, гелий, азот, көмірқышқыл газы немесе солардың қоспалары пайдаланылады.

                Газбен пісіру кезінде, жылу көзі ретінде газ жалынын пайдаланады. Жанғыш газ ретінде ацетилен қолданылады. Газбен көбінесе мыс, жез, қола, алюминий және т.б. түсті ме- талдармен бірге шойын, қалыңдығы 1.5 мм болаттарды да пісіреді. Оттекті ацетилен газ жалынымен балқытып қолмен және машинамен пісіреді.

                Электрлі шлакпен пісіру әдісінде электр тогын өткізетін шлак арқылы ток өткенде, әлгі шлак ериді, сөйтіп көп жылу бөледі. Осы бөлінген жылу металл ернектерін балқытуға жұмсалады. Бұл әдіс доғасыз пісіру деп те аталады.

                Бұл әдіспен қалыңдығы 50 мм- ден бастап, бірнеше метрге жететін металдарды да пісіре береді. Электрлі шлакпен пісіру әдісін болаттарды қайта балқытуға, бөлшек құймасын алуға да пайдаланады. өндірісте электрлі шлакпен пісіру процесі автоматтандырылған.

     

    Бақылау сұрақтары:

    1.      Зат есімнің сұрақтары қандай?

    2.      Деректі, дерексіз зат есім дегеніміз не?

    Содержание дисциплины

    Білікті кәсіби маман-заман талабы. Есімді сөз табы

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Қолмен доғалы дәнекерлеуге арналған электродтар, болат сымдар. Сан есім, Сын есім