Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Кәсіби сөздер. Мамандыққа байланысты сөз тіркестері
    Содержание дисциплины

    Түсті металдар менг балқымаларды газбен пісіру. Кірме сөздер

    Учебная тема
    Газ жабдықтарын тарту жолдары. Терминдер мен терминология

    Тіл қоғам өміріндегі құбылыстар мен өзгерістерге сай жаңару, жандану, даму үрдерістерін бастан кешіруде. Әсіресе, ғылым мен техниканың қарқынды даму сатысына көшкен қазіргі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде ұлттық болмысымызды жаңғыртатын ұғым атауларының белең алуы – қуантарлық жайт. А.Байтұрсынұлы термин жасауда мынадай әдістерді басшылыққа алған: «Жаңадан енген ұғымға атау беруде ана тілінің ішкі заңдылықтары мен бай сөздік қорын пайдалану; халықаралық терминдерді аударуда қазақ тілінің барлық мүмкіншілігін пайдалану» /1/. А.Байтұрсынұлы терминдерді «пән сөзі» деп атап, оның даярлығына қызықпай, ана тілінен де қарастыруды ұсынады. Қазақ тіліне енген халықаралық терминдер мен кірме терминдердің сол тілдің грамматикалық құрылысы мен фонетикалық жүйесіне қарай бейімделуіне баса назар аударған болатын. Осыған байланысты ғылымның көптеген салалары бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулерде, оқулықтар жазу барысында қолданатын термин сөздер мен сөз тіркестерін барынша ойластырып, сұрыптап барып пайдаланған жөн, сонда ғана олар ғылымға еніп, тұрақты қолданысқа түсері сөзсіз. «Техникалық термин жасауда ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек» деген қағиданың жүзеге аса бастағанын байқау қиын емес. Бұндай атауларға энергетика саласының сараланған терминологиялық жүйесіндегі қолданысқа енген түйіспе (контакт), сақтандырғыш (предохранитель), қысым (давление), санауыш (счетчик) т.б. көптеген терминдер дәлел бола алады.

     «Термин – бұл арнаулы саладағы білім мен іс-әрекетті білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. Олар жалпыхалықтық  лексикаға  тек  қана  терминдік  жүйе  арқылы  ғана  енгізіледі.  Термин дегеніміз – арнаулы ұғымдар мен арнаулы заттарды дәл белгілеу үшін пайда болған тілдегі арнаулы (ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» /2, 474/, - деп берілген.

    Қ.Аханов: «Тіл-тілдің лексикасында ғылым мен техниканың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар. Олар терминдер деп аталады» /3, 161/, - десе, Ә.Хасенов: «Терминдер – тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздер. Терминдер – нақты бір ұғым атауы» /4, 102/, - деп тұжырымдаған.

    Жалпы термин жөнінде ғалым Ш. Құрманбайұлы мыналарды атап айтқан болатын:

    1.   Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.

    2.   Терминдер негізінен тілдік бірліктер.

    3.   Термин – белгілі бір терминологияның мүшесі.

    4.   Термин деген – ұғым аты.

    5.   Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.

    6.   Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады.

    7.   Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады.

    Терминология – ғылым мен техника тілін дамытатын лексиканың бірден-бір күрделі қабаты, сондықтан да электр энергетика бағыты бойынша терминдерді талдап, сұрыптау  басты мақсаты болып табылды. Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір тармағы болғандықтан, ол сөзжасамның жалпы заңдылықтарын сақтайды. Олай болса терминжасамда сөзжасамның тәсілдері қолданылады.

    1-Тапсырма     ның/-нің жалғауларын  табыныз

    Газ құбырларын жүргізу саласына байланысты терминдердің синтетикалық тәсілі, яғни сөз тудырушы жұрнақтар арқылы термин жасау маңызды орын алады. Сол себептен энергетика бағытына негізделген А.Тапаловтың «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту» Н.Дәулетбаева, А.Сыздықованың «Газэлектрмен дәнекерлеу» атты оқу құралдарынан іріктеліп сұрыпталған терминдерге техникалық сала қолданысындағы қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктер негізінде қарастырдық. Энергетика бағыты бойынша пайдаланылатын мәтіндерде кездесетін терминдерді жинақтап, сараптау барысында ғылыми-техникалық мәтіндер құрылымындағы терминденудің сөзжасамдық тәсілдерін, соның ішінде синтетикалық тәсілді талдауды  міндет етіп  қойдық.

     

    Бақылау сұрақтары

     1.Терминдер мен терминология дегеніміз не?

     2. Фразеологиялық оралымдарға қандай белгілер тән?

     3. Лексикография нені зерттейді? 

    Содержание дисциплины

    Кәсіби сөздер. Мамандыққа байланысты сөз тіркестері

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Түсті металдар менг балқымаларды газбен пісіру. Кірме сөздер