Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Болаттан жасалған тілімшелерді газбен пісіру. Лексикография және сөздіктер түрлері
    Содержание дисциплины

    Газбен дәнекерлеуге арналған газдар, қосымша сымдар және флюстер. Зат есім

    Учебная тема
    Білікті кәсіби маман-заман талабы. Есімді сөз табы

                Есім сөз таптарының бірі - есімдік. Есімдік - өзінің аты айтып тұрғандай, басқа есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Мысалы, Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген (Ж.Молдағалиев). Қайткен күнде де бұл сый өте-мөте орайласа кетті: «Сарыарқа» әні «Жалбырдың» мінездемесіне өте дөп келді. (Е.Брусиловский). Кейбіреулерге таяғым, Тиіп те кетті сартылдап (Абай). Қаншама рет қуанып бардың дағы, қанша адамның алдынан жылап кеттің (М.Мақатаев) деген мысалдардағы мен, бұл, кейбіреулерге, қаншама, қанша сөздері-есімдіктер. Бұлардың ішінде мен, кейбіреулерге - зат есімнің; бұл - сын есімнің; қаншама, қанша?-сан есімнің орнына жұмсалып тұр. Қазақ тілінде есімдіктердің саны онша көп емес, бар болғаны 60-70 ғана сөз, бірақ олардың тілде қолданылу жиілігі мен атқаратын қызметі күшті.

                Есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі белгісі - лексика-семантикалық сипаты. Лексика-семантикалық сипаты жағынан есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болып келеді. Мәсөлен, кез көлген адамды мен, сен, ол деп, кез келген затты сол, мынау, анау деп айта береміз.

    Есімдіктер қай сөз табының орнына жұмсалса сол сөз табы сияқты түрленеді, сол сөз табы сияқты сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Есімдіктердің өздеріне тән түрленетін морфологиялық көрсеткіштері жоқ, дегенмен олар бәрібір түрленетін сөздер тобына жатады. Қай сөз табының орнында қолданылса, сол сөз табы сияқты түрленіп, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы, Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты (М.Әуезов) - деудің орнына Ол шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты, -деп айта беруге болады. Ол жіктеу есімдігі «Абай» деген зат есімнің орнына жұмсалып сөйлемде бастауыш болып тұр.

     Сөздерді топтастырудың негізгі үш принципіне (ұстанымына) сай, есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық белгісі және синтактистік қызметтеріне байланысты өз алдына жеке сөз табы болып бөлінеді. Сондықтан есімдіктерді мынадай үш блокқа бөліп қарастыруға болады: 1. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты; 2. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері; 3. Есімдіктің синтаксистік қызметі;

     Есімдіктерді жеке сөз табы деп тануда лексика-семантикалық ұстаным негізге алынады. Себебі есімдіктердің өзіндік мағыналық ерекшеліктері бар.

     Есімдіктер мағыналарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

     1. Жіктеу есімдіктері

     2. Сілтеу есімдіктері

     3. Сұрау есімдіктері

     4. Өздік есімдіктері

     5. Белгісіздік есімдіктері

     6. Болымсыздықесімдіктері

     7. Жалпылау есімдіктері

     1. Жіктеу есімдіктері

     Жіктеу есімдіктерінің саны аз, бірақ олардың қызметі мен қолданылу аясы өте жоғары. Жіктеу есімдіктеріне белгілі бір жақты білдіру үшін қолданылатын сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жақтық мәнде қолданылытындықтан, үнемі адаммен, яғни сөйлеуші (мен), тыңдаушы (сен) және бөгде адам (ол) деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). ... сен кітап оқуға арналған уақытыңды ешнәрсеге айырбастама! (Д.Әлімжанов). Ол мені алғашында таныған жоқ (Ғ.Мұстафин).

    2. Сілтеу есімдіктері

     Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

     Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы - аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.

     Мысал ы, -Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма? - деді Асқар, қораның басқа бір түкпірінде шоғырланған бірдемелерді нұсқап (С.Мұқанов). Сол үйдің өзінің иесі де болыс деген сөзді естідім (Бұл да). Бұл сұрау Байболға ауыр соқты (Б.Майлин).

     Сілтеу есімдіктерінің барлығы бірдей септеле бермейді. Септелетін сілтеу есімдікгеріне мына сөздер жатады: бұл, сол, ол, осы, мына, ана.

    Міне, әне, сонау есімдіктері септелмейді. Ал анау мынау, осынау сияқты түрлері тәуелденіп барып септеледі. Сілтеу есімдіктерінің бәрі бірдей көптік жалғауын қабылдай бермейді.

     

    Өздік есімдіктері

     Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзімнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен қызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев).

    5. Белгісіздік есімдіктері

     Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен қубылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреутойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал). Бүгінде ғой кейбіреудің кінәмшіл, кекшіл, «шыбық тимес шыңқ етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына қаны тепшіп шыға келетіні (Ш.Жиенқұлова). Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, көйбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдене т.б.

    Әлде араб тілінде «если не, исключая, кроме» деген мағыналарда қолданылады» .

    6. Болымсыздық есімдіктері

     Бұл топқа жататын есімдіктер болымсыздық мағынада қолданылады. Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауға негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайда ғана қолданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).

     Болымсыздық есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайсы т.б. бұлардан басқа бір де бір, дәнеңе, түк, д ы м деген сөздер жатады.

    7. Жалпылау есімдіктері

    Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айту мағынасында қолданылатын сөздерді айтамыз. Бұл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді. Мәселен, «Правдада» барша артистер ойнына талдау жасалынып, қатты мақталынып, ал актер Жандарбеков күлкісі «Бекежандай дала тағысының психологиясын аша түсуге кілт болды» - деп жазыпты (Ш.Жиенқұлова).

    1-Тапсырма Сілтеу есімдіктерін  көрсетіңіз.

    Найдите указательные местоимения.

    1. Бұл күн бәрінің есінде қалды

    2. Балалардың бірнешеуі жүгіріп кетті

    3. Мына кітапханада қызықты кітаптар көп

    4. Анау жерден жаңа үйлер салынып жатыр.

    5. Жиналысты мекеме басшысыныц өзi ашты.

    6. Дәурен өзіне ұнаған заттарды сатып алды.

     

    Бақылау сұрақтары:

    1.Есімдіктер түрлерін атаңыз.

    2. Өздік есімдігінің жасалуы?

    3. Белгісіздік есімдігінің жасалу жолдары .

    Содержание дисциплины

    Болаттан жасалған тілімшелерді газбен пісіру. Лексикография және сөздіктер түрлері

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Газбен дәнекерлеуге арналған газдар, қосымша сымдар және флюстер. Зат есім