Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника План урока
    Содержание дисциплины

    Түсті металдар менг балқымаларды газбен пісіру. Кірме сөздер
    Содержание дисциплины

    Білікті кәсіби маман-заман талабы. Есімді сөз табы

    Учебная тема
    Болаттан жасалған тілімшелерді газбен пісіру. Лексикография және сөздіктер түрлері

    Лексикография (гректін лексикос — сөз және графос — жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.

    Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай:

    Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956—1961 жылдары екі томдық, кейін 1974—86 жылдары он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.

    Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты аударма сөздіктер; «Орысша-қазақша сөздік», «Қазақша-орысша сөздік». «Парсыша-қазақша сөздік», «Ағылшынша-қазақша сөздік» т. б. Сондай-ақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың «Дивану лұғат-ит түрік» (Түркі тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), «Кодекс Куманикус (қыпшақша-немісше, 1303 ж.), академик В. В. Радловтың төрт томдық «Опыт словаря тюркских наречий» (түркі тілдерінің сөздері орыс және неміс тілдеріне аударылып беріледі, демек көп тілді сөздік, 1897—1911 ж.) осы сөздіктер қатарына жатады.

    Терминологиялық сөздік тілдегі әр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мәнін ашып беретін немесе екінші тілге аударып көрсететін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде әр түрлі терминологиялық сөздіктер бар.

    Этимологиялық сөздік — тілдегі сөздердің шығу төркіні мен тарихын, қалай пайда болғанын көрсететін сөздік. Қазақ тілінде алғаш рет 1965 жылы «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» жарық көрді.

     Орфографиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс жазылу қалпын, емлесін көрсетіп береді. Қазақ тілінде бірнеше рет басылып шыққан үлкен орфографиялық сөздіктерден басқа мектепке арналған да орфографиялық сөздік бар.

    Орфоэпиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді: өйткені тілдегі сөздер бірдей жазылып, бірдей айтыла бермейді.

     Сөздіктің баска да түрлері бар. Олар: энциклопедиялық сөздік, жиілік сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік, белгілі бір ақын-жазушының сөздігі, мысалы, Абай тілі сөздігі т. б.

    Лексика лексикология, семасиология, этимология және лексикография деген салалардан тұрады.

     1. Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — сөз және логос — ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.

     2. Семасиология (гректің семантикос — білдіру, мән және логос — ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады.

     3. Этимология — сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің мән-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз жүгіртіп, мән бере бермейміз. Кітап — китабун деген араб сөзі, дос — дост деген парсы сөзі, бөкебай — пуховый деген орыс сөзі, ал биыл — бұл+йыл (жыл), сексен — сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер.

    Сөздік жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.

    Сөздік тарихы

    Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12 ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-Диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.

    Сөздіктердің түрлері

    Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистиқалық, филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық Сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады (қараныз Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).Көп елдерде ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктерін жасау мемлекеттің тіл саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларға енеді. Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді (қараңыз Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері; Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздіктері). Терминологиялық сөздіктер жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.

    Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар. Сөздік ұйқастық

     Интернационалды және псевдоинтернационалды лексика

     Сөз тіркесінің аудармасы

     Көп мүшелі атрибутивті топтар

     Фразеологиялық бірліктер

     Суреттеу аудармасы

     Сөз тіркесінің ауысуы

     Сөйлем мүшелерінің ауысуы

     Контестік ауыстырулардың құрылуы

    Сөздік ұйқастық

    Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері орыс тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер – көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады. Мысалы:Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір  2) Сентименттер    3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады».Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.

    1-Тапсырма  Мәтінді орыс тіліне  аударыңыз

    Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін ацителендік тасымалды герераторларды пайдалануға рұхсатты кәсіпорын әкімшілігі береді. Оларды жұмысқа қолайлы болуы үшін ашық алаңшаладда орнатқан жөн. Олардың жақсы жеделдетілетін үй-жайларда уақытша жұмыс істеуіне жол беріледі. Ацитилендік генераторларды орнатқан кезде: «Кіруге тиым салынған, өрт қаупі бар!», «Темекі тартуға болмайды!» «Жанынан отпен өтпеу керек!» құлақтандырулары ілінеді.

     

    2-тапсырма Төмендегі үлгі бойынша өзіңіздің қызметіңіз туралы айтып беріңіз.

    Менің аты-жөнім ... . Мен газ құбырларын ....... қызмет  атқарамын. Менің мамандығым ... , лауазымым ... . Менің жұмыс бөлмем....................

     қабатта орналасқан. Менің қызметтік міндетіме ......................................

    кіреді. Осында жұмыс істегеніме ... жыл(ай, апта, күн). Жалпы, еңбек өтілім

    ... жыл(ай, апта, күн). Жұмысым өзіме ұнайды.

     

    3-тапсырма Мәтінді  қазақ тіліне аударыңыз

     

    ВОСПИТАННЫЕ   ЛЮДИ

    (Из письма А.П.Чехова брату Николаю )

    Воспитанные люди должны удовлетворять следующим условиям:

    … Они уважают человеческую личность, всегда снисходительны, мягкие, вежливые, уступчивые…

    … Они уважают чужую собственность, а потому платят долги.

    … Не лгут даже в пустяках… Они не лезут с откровенностями, когда их не спрашивают…

    … Они не унижают себя с тою целью, чтобы вызвать в другом сочувствие…

    … Они не суетны…

    … Если имеют в себе талант, то уважают его… Они жертвуют для него всем…

    … Они воспитывают в себе эстетику*…

        … Тут нужны беспрерывные дневной и ночной труд, вечное чтение, воля… Тут дорог каждый час.

     

    Мәтінді оқып әңгімелеңіз.

                Кесу жұмысын орындағанда металдың көп шашырауы туады, сондықтан адам металдың ұшқындарымен күйіп қалуы мүмкін. Оқушыларға оттекті баллондармен және бәсеңдеткіштермен жұмыс істеу ережелерін естеріне салу керек, майлардың оттегімен қосылысына көп көңіл бөлу керек. Төмен көміртекті болатттан жасалған тілімшелерді еденнен тесілетін тілімшелерден арақашықтығы 100- 150 мм аспайтын қылып орналастыру керек. Қыздыратын жалынмен кескішті металл бетін кесілетін сызық бойынша қыздыру керек. Қыздырылған бетті жалынмен қыздыру кезінде пайда болатын қабықты металлл щеткамен тазалау керек. Кесілетін сызықты бормен белгілеу керек. Қажетті мүштектің номірлерін кесілетін металл қалыңдығына байланысты орнату керек. Ацетилен – оттекті таңдап алған мүштектер және кесілетін металл қалыңдығына байланысты бәсеңдеткіштердің газ қысымын орнату керек. Қыздыратын жалынды жағып және қалыпты жағдайына дейін реттеу керек. Мүштек кескішін 3-4 мм арақашықтықта кесілетін металға қарағанда 90 градус немесе кескішке қарсы бағытта кішкене көлбеумен / 5-10 градус/ орнатады. Тілімше бүйірін балқыту температурасына жақындағанға дейін қыздырады: төмен көміртекті болатты 1350 градус – 1360 градусқа дейін қыздырады 5- 10 секунд өткеннен кейін кескіштің брондасын ашып кесілетін сызық бойынша кесу үдерісін орындайды.

                Үдеріс барысында кескішті тұрақты жылдамдықпен жүргізу керек: кесілетін бетке қарағанда 85- 90 градус бұрышында ұшқындар ұшуы көрсететіндей жоғары жылдамдықта орындайды. Кесуді бір қалыпты жылдамдықпен жүргізу керек, себебі тез жылдамдықпен кесетін болса қажетті мөлшерде жылыту берілмейді де , кесу үдерісі тоқтап қалуы мүмкін . керісінше кесу өте жай жүргізілетін болса жиектердің балқытылуы мүмкін, ал кесілген бөліктер біркелкі шықпайды және жиектерде аздаған қож пайда болады. Мұнда кескішті дұрыс жылдамдықпен жүргіссе ұшқындар төмен қарай бағытталып тік бұрыш болып шығуы кеерк

     

    Бақылау сұрақтары

     1.Лексикография ненеі зерттейді?

     2. Сөздіктердің түрлерін  атаңыз?

     3. Түсіндірме сөздік дегеніміз не? 

    Содержание дисциплины

    Түсті металдар менг балқымаларды газбен пісіру. Кірме сөздер

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Білікті кәсіби маман-заман талабы. Есімді сөз табы