Для сдачи тестов, рубежного контроля, а также закрепления материала используйте браузеры MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Chromium
    Главная страница электронного учебника
    Содержание дисциплины

    Қолмен доғалы дәнекерлеуге арналған электродтар, болат сымдар. Сан есім, Сын есім
    Содержание дисциплины

    Сөйлем және оның құрамы. Жай сөйлем сөйлем туралы түсінік

    Учебная тема
    Іскерлік қарым- қатынас. Үстеу

                Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы. Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.

    Негізгі үстеулер

    Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.

    Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.

    Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:

    ·         Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы:

    бұрын

    бұрынырақ

    бұрындау

    тым бұрын

     

    кейін

    кейінірек

    кейіндеу

    өте кейін

    ілгері

    ілгерірек

    ілгерілеу

    аса ілгері

     

    әрі

    әрірек

    әрілеу

    тым әрі

    әрмен

    әрменірек

    әрмендеу

    тіпті әрмен

     

    былай

    былайырақ

    былайылау

    тым былай

    ·                     Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.

    ·                     Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.

    Туынды үстеулер

    Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.

    Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: 'жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.

    Жалаң туынды үстеулер

    Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды.

    Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер

    Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:

    1.      -ша, -ше жұрнағы. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы зат есімдергеде, жалпы зат есімдерге (мысалы: Омаровша, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.

    Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша, басқаша т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (менше, меніңше, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше, өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.

    2.      -лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.

    3.      -дайын, -дейін, (-тайын, -тейін) жұрнақтары. Бұл жұрнақтар ― -дай және -ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет).

    4.      -шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осыншама, соншама, соншалық, мұнша, мұншалық т. б.

    5.      Көсемшенің құрамды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары қосылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үстеу бола бермейді. Адвербиалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Қырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.

    6.      -шылап (-шілеп) жұрнағы. Бұл жұрнақ - бастапқы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

    7.      -қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасайды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

    8.      -ын, -ін, -сын, -сін қосымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.

    Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер

    Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген "қосымшалар" төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.

    1.                  Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге т. б.

    2.                  Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де т. б.

    3.                  Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.

    4.                  Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

    Күрделі туынды үстеулер

    Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.

    1.                  Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, бірқатар, неғұрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.

    2.                  Сөздердің қосарлану арқылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолма-қол, сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, тоб-тобымен, лег-легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босқа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда; сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана; кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп, он-ондап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; оқтын-оқтын, оқта-текте, анда-санда; жапа-тармағай, тырым-тырағай т. б.

    3.      Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер - оларды екі салаға бөлуге болады.

    ·         Грамматикаланған жай тіркестер: күні кеше, күні бүгін, күні ілгері, ала жаздай, күндерде бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айта келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, сабаққа бола, кітапқа бола т. б.

    ·         Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, құлан таза т. б.[1][2]

    Үстеулердің мағыналары

    Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

    1.      Мезгіл үстеулер

    2.      Мекңен үстеулер

    3.      Мөлшер үстеулері

    4.      Сын (я бейне) үстеулері

    5.      Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

    6.      Мақсат үстеулері

    7.      Себеп-салдар үстеулері

    8.      Топтау (я бөлу) үстеулері

    Мезгіл үстеулер

    Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

    Мекен үстеулер

    Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

    Сын (я бейне) үстеулері

    Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

    Мөлшер үстеулері

    Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

    Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

    Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

    Мақсат үстеулері

    Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

    Себеп-салдар үстеулері

    Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

    1-Тапсырма Сөйлемдерден үстеулерді  табыңыз.

    Мен ылғи ерте тұрамын. Әсет кітап оқиды. Жұмыскерлер келе жатыр.  Бүгін олар  сөйлесіп тұр. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа. Жаманмен дос

    болсаң қаларсың ұятқа. Жас-қартаймақ, жоқ-тумақ, туған-өлмек. Батыр жігіт

    қол бастар.

    2- Тапсырма Антонимдерді табыңыз.

    1.Бүгін

    2.Таңертең

    3.Күндіз

    4. Жазда

    5. Жиі

    6. Қазір

    3-тапсырмаМәтінді оқып, әңгімелеңіз.

                Біздің заманымыз-іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы.

                Белсенділік, қиыннан жол таба білетін іскерлік-адамды көздеген мақсатына жеткізеді.Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан-жақты көрсете алуының бір негізі-оның білімділігімен қатар ортамен іскерлік қарым-қатынас жасау сырын, ондағы өзін ұстай білу, сөйлеу этикасын меңгеруіне де байланысты.Сөз адамның ойын, көзқарасын білдіреді, оның қоғамдағы өзіндік орнын табуына ықпал етеді.Іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі-ондағы тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру.

     Ø Іскерлік қарым-қатынас-мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдардың бір-бірімен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісімшарт жасауы, құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.

     Ø Іскерлік қарым-қатынас әдебі сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан,өзін-өзі ұстауынан, сыпайылығынан,өжеттігінен,батылдығынан,тартымды сөйлеу мәнерінен көрінеді.

     Ø Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау мен сәлемдесуде, өзін, жұмыс орнын таныстыруда, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерінің белгілі бір қалыптасқан нормалары болады.

     Ø Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, біліктілікпен қолдану, тапқырлықпен нақты,жүйелі сөйлеу де іскерлік әдебін танытады.

     Ø Іскерлік қарым-қатынаста тіл табысуға кері әсерін тигізетін нәрселер: пікір алысқалы отырған мәселенің тақырыбын жетік білмеу, сөз мағынасын түсінбеу, мәнсіз көп сөзділік, өз айтқанынан қайтпау, дәлелсіз қайшы пікірге келу, жігерсіздік, ұялшақтық.

     • Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, пікірін қорғай алу, сөзін дәлелді жеткізу дағдыларын меңгергенде оң болады. Сондықтан субъект көздеген мақсатына жету үшін іскерлік әңгіме тақырыбын, оның негізгі жүйесін алдын ала жоспарлауы тиіс. Адам іскерлік әңгімеде өзінің жұмысқа қабілетті екенін, бұл мәселені жан-жақты білетінін таныту үшін артық сөз, артық мақтануға бой алдырмауы керек.

     Дайындықтың бірінші қадамы кімге баратыныңды зерттеуден басталады. Қызметке қабылдайтын жауапты адамның жалпы болмысы қандай, онымен қалай тіл табысуға болады деген мәселені анықтап алған ұтымды.

     Екінші мәселе-сөзді бастау,ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болу керек дегенді жоспарлау. Ол үшін мына жайттарға баса назар аударылады:

     1. Фактінің, деректің мол болуы.

     2. Себептер мен тұжырымның сәйкес келуі.

     3. Басты мәселенің шешілуінің тиістілігіне деген сенім.

     4. Мәселенің екі жаққа да пайдалылығының дәлелділігі.

     5. Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.

     • Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары

     • Іскерлік әңгіменің басталуы

     • Іскрлік әңгіменің барысы

     • Іскерлік әңгіменің қорытындысы

     Іскерлік келіссөздер, мәні мен тілдік ерекшеліктері. Іскерлік қарым-қатынастың тиімділігінің басты шарттары.

     Келіссөз-іскер адамның қызмет барысындағы ең жауапты кезең. Келіссөздің нәтижесі іскер адмның алдағы болатын келіссөзге, онда талқыланатын мәселеге, екінші жақпен болатын әңгімеге деген дайындығына байланысты. Іскер адам келіссөзге келетін екінші жақ уәкілінің қоятын мәселесі, ол мәселені екі жаққа тиімді дәрежеде шешудің нақты шараларын белгілейтін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуі керек.

     Ø Келіссөзге дайындық талқыланатын мәселені талдаудан басталады. Біріншіден, келіссөздің мәнін анықтап алу қажет. Екіншіден, әріптесің жайлы, оның қаржылық тұрақтылығы, іскерлік өмірдегі беделі мен тәжірибесі туралы мәліметтерді білуің керек.

     Ø Келіссөз, негізінен, үш кезеңнен тұрады.

     Ø Мәліметтер алмасу; екі жақтың ұстанған бағыты мен тұжырымдамасы, өзара іскерлік қызығушылығын анықтау.

     Ø Мәселені талқылау; негізгі ұсыныстар мен көзқарастар, дәлелдер мен қарсы дәлелдер.

     Ø Ұстаған бағыттардағы келісім, келіссөзде талқыланатын мәселеге деген өз қызығушылығың қандай дәрежеде, әріптесіңнің қызығушылығы қандай, қандай мәселелерде мүлде келісімге келуге болмайтынын анықтап алу керек.

     Ø Келіссөзде күнделікті қолданып жүрген сөз тіркестерін қолдануға болмайды. Сондықтан іскерлік ортада қолданылатын, олардың сөйлеу мәнерінде қалыптасқан сөз орамдарын қолдану орынды.

     Сонда іскерлік келіссөздің тиімді болуының басты шарттары:

     - Тіл табыса білу;

     - Оның небір қырларын меңгеру;

     - Айтқан сөзде, уәдеде тұра білу;

     - Екінші адамның не топтың сеніміне кіру.

     

    Бақылау сұрақтары

    1.Үстеуді тап. Ілгері қарай жүре бердім.

    2. Үстеу дегенді қалай түсінесің?

    3. Үстеудің ең басты ерекшелігі қандай?

    4. Үстеуді тап, сұрақ қой. Поездан әдейі түсіп қалды.

    5. Үстеу сөйлемде қандай сөз табымен байланысып тұрады?

    6. Берілген сөйлемде үстеу қандай қызмет атқарып тұр?

    Содержание дисциплины

    Қолмен доғалы дәнекерлеуге арналған электродтар, болат сымдар. Сан есім, Сын есім

    Закрепление материала
    Тестирование материала
    Содержание дисциплины

    Сөйлем және оның құрамы. Жай сөйлем сөйлем туралы түсінік